Русский Сайттың толық нұсқасы

Елімізде 9 айдың ішінде бопсалау бойынша 205 қылмыстық іс тіркелген

  • AstanaTV
  • 07 қараша 2014
  • 1252

Мектептегі әлімжеттік ырық берер емес. 9 айдың өзінде бопсалау бойынша 205 қылмыстық іс тіркелген. Мектепте әлімжеттік көрсету әсіресе, Шығыс, Оңтүстік Қазақстан және Алматы облыстарында өршіп тұр. Жақында ғана Шымкентте болған мектеп оқушылары арасындағы қарулы қақтығыс кезінде 11-сынып оқушысы Айдостың бірнеше жеріне оқ тиіп, жараланды.

Байбол Анефияев, Төлеби аудандық прокурорының орынбасары:

Уәделескен жерге неге келмедің дейді. Сол кезде екінші жақ оларды атып жібереді.

Оқ тиіп ауруханада жатқан Айдостың жағдайы мен Қазақстандағы мектеп оқушылары арасындағы әлімжеттік туралы сенбі кешкі сағат 20:30-да «Астана» арнасындағы «Біздің уақыт» бағдарламасынан көре аласыздар!

Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ