Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанайдағы күзетке алынған вагондар қоршаған ортаға қауіпті емес

  • AstanaTV
  • 10 қараша 2014
  • 1032

Тобыл өңірінде күзетке алынған қос вагон қоршаған ортаға аса қауіпті емес. Қостанай облыстық тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің өкілдері осыны мәлімдеді.

Еске салайық, 3 қарашада Тобыл станциясында жүк поезы тексерілген. Сол кезде қапшықтарға салынған түсті металл түрлерінде радиация шамадан тыс таралғаны анықталды. Қауіпті жүк тиеген вагондар Құсмұрын бекетінде тіркемеден ағытылып, тұйық жолға қойылды. Осыдан кейін радиация мөлшерін анықтап, сараптамадан өткізген мамандар күзетке алынған вагондардың қоршаған ортаға аса қауіпті еместігін анықтады. Маңғышлақ стансасынан шыққан жүк вагондары бағыты бойынша Көкшетауға жөнелтілді.

Владимир Нечитайло, Облыстық тұтынушылар құқығын қорғау департаменті бастығының орынбасары:

Жүктің радиациялық толқынын өлшегенде сағатына 2,6 микрозивертті көрсетті. Яғни, бір жарым есе көп. Бұл, шамадан тыс және санитарлық ережені бұзу болып есептеледі. Бірақ қоршаған ортаға, нақтысы, адамдарға аса қауіп төндірмейді. Мәселен, вагоннан 50 сантиметрден астам қашықтықта тұрған адамға еш әсер етпейді.

Заңғар САНАЙ