Русский Сайттың толық нұсқасы

«Астана» баскетбол командасы Эстонияның «Калев» клубын жеңді

  • AstanaTV
  • 10 қараша 2014
  • 1302

«Астана» баскетбол командасы жанкүйерлерін қуантты. Біртұтас лиганың кезекті турында Эстонияның «Калев» клубына қонаққа барған Александр Трифуновичтің шәкірттері 65-63 есебімен жеңіске жетті. Келесі кездесуін қазақстандық ұжым енді өз алаңында Саратов қаласының «Автодор» командасына қарсы өткізеді. 



Футболдан Германия чемпионатының 11-ші тур ойындары болып өтті. Дортмунд қаласының «Боруссия» командасы көптен күткен жеңісіне қол жеткізді. Бұл сында Менхенгладбах қаласының «Боруссия» клубын қабылдаған Юрген Клоптың шәкірттері 1-0 есебімен басым түсті. Бұл ойындағы жалғыз голды қонақтар жартылай қорғаушысы Кристоф Крамер өз қақпасына соғып алды.

Қалған уақытта Марко Ройс есепті еселеуге тамаша мүмкіндігі болды. Бірақ оның соққысынан кейін доп қақпа маңдайшасына тиіп, кері қайтты. Сонымен қатарынан 7 ойында ұтылған Дортмунд қаласының футболшылары жанкүйерлерге көптен күткен жеңіс сыйлады.

Келесі ойында «Фолсбург» командасы «Гамбург» клубын қабылдап, 2-0 есебімен жеңіске жетті. Бұл ойындағы алғашқы голды алаң иелері бірінші таймның ортасына қарай соқты. Голдың авторы - Ивица Олич. 

Бұл голдан кейін шабыттанған Фольсбург футболшылары үзілістен кейін есепті еселеді. Бұл сәтте қақпа алданда қараусыз қалған Аарон Хунт мүлт кетпеді.



Лондонда ерлер арасында теннистен жылдың қорытынды жарысы басталды. Алғашқы ойында Жапония спортшысы Кей Нисикори алаң иесі Энди Марреймен кортқа шықты. Бірінші сетте қарсыласына қарағанда ширақ қимылдаған Күн Шығыс елінің өкілі 6-4 есебімен басым түсті.

Үзілістен кейінде алған бетінен қайтпаған Нисикори ұпай санын арттырды. Өз кезегінде жиі қателесіп, қарсыласының мықты соққыларына тойтарыс бере алмаған Энди Маррей аяғы жеңілісін мойындады. 

Самат ҚАНАҒАТОВ