Русский Сайттың толық нұсқасы

Нұрсұлтан Назарбаев Германияның федералдық сыртқы істер министрін қабылдады

  • AstanaTV
  • 10 қараша 2014
  • 1083

Бүгін Президент Нұрсұлтан Назарбаев Германияның федералдық сыртқы істер министрі Франк-Вальтер Штайнмайерді қабылдады. Кездесу барысында екі жақты сауда-экономикалық, инвестициялық және отын-энергетикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелері талқыланды. Сондай-ақ өңірлік және халықаралық өзекті жайттар туралы сөз қозғалды.

Қазақстан Президенті өткен айда федералдық канцлер Ангела Меркельмен Миланда жүргізілген келіссөздердің жемістілігін атап өтті. Өз кезегінде осы кездесу үшін алғысын білдірген Штайнмайер, бұл оның Қазақстанға Германия сыртқы істер министрі ретінде келген үшінші сапары екенін айтты. «Біз талқылайтын тақырыптар көп. Әлемдегі жағдай күрделенді, дегенмен, атаусыз қалдыруға болмайтын тамаша сәттер де бар, мәселен, Германияда кеше Берлин дуалының құлатылғанына 25 жыл толғаны аталды», - деді қонақ. Кездесуде тараптар екіжақты ынтымақтастықтың дамуына тың серпін беретін бірқатар перспективалы бағыттарға да назар аударды.

Недавно  в Милане у меня были переговоры с федеральным канцлером. Еще раз прошлись по всем пунктам нашего сотрудничества. Мы отмечаем высокий уровень нашего взаимного сотрудничества. Считаем вас нашим основным партнером в Европе.  

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ