Русский Сайттың толық нұсқасы

Елімізде әлемдік деңгейдегі бір колледжді тұрғызуға 30 млрд теңге қарастырылған

  • AstanaTV
  • 10 қараша 2014
  • 1176

Бақылаудан қашып, бюджет қаржысын квазимемлекеттік сектор арқылы тықпалауды холдингтер жақсы әдіске айналдырып отыр. «Кәсіпқор» холдингінің қызметін талқылауда Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында Дариға Назарбаева  осындай пікір білдірді. 

Дариға Назарбаева, ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары, «Нұр Отан» фракциясының жетекшісі:  

Осы есептік кезеңге бөлінген бюджеттік қаржыны игере алмаған «Кәсіпқорға» тағы қанша ақша керек? Олар тағы келіп тұр. Есептіліктен құтылу үшін, қаржыны Назарбаев университеті арқылы тығып отыр. Қазір есеп беруден, бақылаудан жалтару үшін, квазимемлекеттік сектордың жарғылық капиталына аудару жақсы әдіс болып отыр. Өйткені ол жерге Есеп комитеті де, Парламент те, ешкім бас сұға алмайды. Міне, өкінішке орай, Назарбаев университет те сондай құралға айналып отыр. Біз мұны Білім және ғылым министрілігі, бұқаралық ақпарат құралдары мен Қазақстан халқы білсін дейміз. 


Елімізде әлемдік деңгейдегі бір колледжді тұрғызуға 30 млрд теңге қарастырылған. Ал «Кәсіпқор» холдингі Қазақстанда ондай екі білім ошағын салуды көздеп отыр. Біздегі бір қарапайым колледждің бюджеті 500 млн теңге болса, әлемдік дейгейдегі Атыраудағы колледж бір маманның біліктілігін арттыруға 1,5 млн теңгеге жуық қаржы жұмсайды екен. Депутаттар әлемдік деген дардай аты бар кәсіптік оқу орындары қарапайым колледждердің тынысын тарылтады деп алаңдады.

Дариға Назарбаева, ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары, «Нұр Отан» фракциясының жетекшісі:   

Вообще, само название «колледжи мирового уровня» мне очень напоминает один известный проект Нью-Васюки уважаемого Остапа Бендера. Вот это слово «мирового уровня» - это такой колхоз и мамбетизм, честное слово. Что такое «мировой уровень»? У нас что мирового уровня уже индустрия вовсю процветает? 


«Кәсіпқор» холдингі әлемдік деңгейдегі колледждер желісін дамыту мақсатында Үкімет қаулысымен 2011 жылы құрылды. «Алайда бүгінде холдинг өзіне жүктелген міндетін атқара алмай отыр», - деп сынға алды депутаттар. Холдинг Атырау, Өскемен, Екібастұз және Шымкент қалаларында 4 өңіраралық орталық салуға міндеттелген. Алайда бүгінде Өскемен, Екібастұз және Шымкенттегі колледжердің құрылысы бойынша сот процесі жүріп жатыр.

Гүлнар Сейтмағамбетова,  ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Біреуі Атырауда, холдинг «Кәсіпқор» құрылғанға дейін, дайын болған. Енді оны холдинг мен соны салдым деп жатыр. Қалған үшеуін салып жатқанына он жылдай болды, 8 млрд теңгеден астам қаржы кетті. Ол қашан дайын болады? 10 жылдан бері салынбаған нәрсе салынбайтын да шығар.

«Кәсіпқор» холдингі техникалық мамандықтарды тек қана ағылшын тілінде оқытып шығарады. Осы мақсатта шетелден келген мамандар білім береді. Бірақ холдинг басшысы шетелдік ұстаздарға қанша жалақы төленетінін білмейтін болып шықты. Депутаттардың айтуынша, шетелдіктерге қыруар қаржыны текке ысырап қыламыз. Ал қарапайым колледждердегі ұстаздың жалақысы 52 мың теңге көлемінде.

Айгүл ӘДЕПБАЙ