Русский Сайттың толық нұсқасы

Ташкентте азық-түлік бағасы қымбаттап жатыр

  • AstanaTV
  • 11 қараша 2014
  • 1397

Ташкентте азық-түлік бағасы қымбаттап жатыр. Бір мезетте қант, күріш және жарма бағасы шарықтап кетті. Қанттың келісі бірден 25-30 пайызға қымбаттап, сөрелерден 4 мың сумнан саудалануда. Бұл 1,3 долларға тең. Ал қарақұмықтың құны екі еселеніп, келісі 7-8 мың сумға жетті. Бұл жарманың қымбаттауын саудагерлер Ресейдегі нашар шығыммен байланыстырып отыр. Алқаптарда орылмай қар астында қалған қарақұмық - қымбатшылықтың тағы бір себебі.

Ал күріш жинау науқаны елде басымдық берілетін мақта орумен тұспа-тұс келеді. Мақта үшін шенділер ерекше жауапты болғандықтан, күріш оруға олардың қолдары жетпеген сынды. Жақын арада елде өзге де азық-түліктің қымбаттауы бек мүмкін.

Алайда, еттің құны қалыпты. Оның орташа бағасы 24-25 мың сум. Жақында ғана еттің бағасы келісіне 30 мың сум болған-ды, ал долларға шаққан ол 10 долларға тең.

Самат ҚАНАҒАТОВ