«Нұр Отан» партиясы 2015-2025 жылдарға
арналған жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасын қабылдады. Партия саяси
кеңесінің кеңейтілген отырысында Президент Нұрсұлтан Назарбаев бағдарламаны бір
ай ішінде жариялап, оны іске асыру Жол картасын саяси кеңес бюросында бекітуді
тапсырды.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы
Қазақстандағы коррупцияға қарсы күрес күшейе түсетінін мәлімдеді. «Қазір коррупцияға қарсы қатаң күрес жүріп жатыр. Жауапқа
облыс әкімдері, министрлер, олардың орынбасарлары тартылып жатыр барлық деңгейде. Сондықтан, осыдан шешім шығару керек», -
деді Президент.
Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ