Русский Сайттың толық нұсқасы

«Алматы-Бейжің» бағытымен ұшып шыққан «Airbus A320» әуелайнері әуежайға қайта оралуға мәжбүр болған

  • AstanaTV
  • 11 қараша 2014
  • 1262

«Эйр Астана» әуе компаниясының ұшағы Алматы әуежайын екі сағаттай қызғыштап, апатты жағдайда қонды. Бұл жайында «Астана» телеарнасына әуе компанияның менеджері хабарлады.

Кеше «Алматы-Бейжің» бағытымен 22 сағат 10 минутта ұшып шыққан «Airbus A320» әуелайнерінің гидрожүйесінен ақау шығып, бірден әуежайға қайта оралуға мәжбүр болған. Ұшақ бортында 124 адам болды. Барлығы да дін аман. Дабыл іске қосылысымен, экипаж командирі отынды толықтай жаратып барып қонды. Жолаушылар Бейжіңге келесі рейспен 00 сағат 24 минутта жеткізілді.

Айта өтейік, апатты жағдайда қонған «Airbus A320» ұшағының өзі пайдалануға берілгеніне 2 жыл ғана өтті. Компания қызметкерлері апта сайын бақылау өткізілетіні жайында айтады. Бүгін аталмыш ұшақ қосымша бақылаудан өтіп, 9 сағат 35 минутта эксплуатацияға қайта жіберілді.

Тілек Әбдрахимов, «Эйр Астана» әуе компаниясының менеджері:

Ұшақтағы 3 гидрожүйенің бірі тоқтап қалғаны туралы дабылдама іске қосылды. Әуе ұшағының командирі әуе компанияның қауіпсіздік стандарттарына сәйкес Алматы қаласына қайта оралуға шешім қабылдаған. Негізі, ұшақ 2 сағаттай отынды жаратқан.