Русский Сайттың толық нұсқасы

Ұлттық банк төрағасы екінші деңгейлі банктерге бөлінетін қаржылық көмек туралы баяндады

  • AstanaTV
  • 11 қараша 2014
  • 852

Президент өз Жолдауында елдегі банктерге де тиімді шаралар қолданылатынын айтты. Осыған орай Ұлттық банк төрағасы Орталық коммуникациялар қызметінде арнайы брифинг өткізді. Қайрат Келімбетов екінші деңгейлі банктерді сауықтыру мақсатында бөлінетін қаржылық көмек туралы баяндады.

Қайрат Келімбетов, ҚР Ұлттық банкі төрағасы:

2050 жылға дейін елдегі тауарлардың 50 пайызы кіші және орта кәсіпте өндірілуі тиіс. 2020 жылға дейін жыл сайын кіші және орта бизнес үшін 200 млрд теңге бөлінеді. Осыған дейін 3 триллион теңгенің 500 миллиарды бөлініп, оның 100 миллиарды кіші және орта бизнесті дамытуға екінші деңгейлі банктерге тапсырылады және 250 млрд теңге екінші деңгейлі банктердегі кредиттердің мәселесін шешуге жұмсалады.

Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ