Русский Сайттың толық нұсқасы

Таразда 3 жасар баланың бес ай ғана өмірі қалды

  • AstanaTV
  • 11 қараша 2014
  • 1058

Таразда 3 жасар баланың бес ай ғана өмірі қалды. Жәмил Сражатдин - Жұмашовтар отбасының тұңғышы. Дүниеге келгеніне 40 күн өтпестен инсульт алып, содан бері қимыл-қозғалыссыз қалған. Дәрігерлер эпилепсияның ауыр түрі - «Леннокс - Гасто синдром» деген диагноз қояды. Қос бірдей дерттен қиналған сәбиді тек шетелдік мамандар ғана құтқарады алады. Ол үшін 56 мың евро қажет.

3 жастан енді асқан Жәмил Сражатдин өз жасындағы балаға мүлдем ұқсамайды. Өйткені дамуы тежелген. 12 мүшесі мен ақыл-есінің өсуі тоқтаған сәбиге тез арада мол қаржы қажет. Құны 56 мың евродан асатын операция жасаса ғана, баланың беті бері қарайды деп, ата-анасының етегі жасқа толып отыр.

Эвелина Қырбашева, Жәмилдің анасы:

Баламыз 24 сағаттың 2-3 сағатында ғана ұйықтайды. Күндіз-түні жылаумен болады. Адамға ұқсап, ас іше алмайды. Ұлым мені «анам» деп, әкесін «әкешім» деп айтса, деп армандаймын. Ол - біздің көптен күткен тұңғышымыз. Өзім де, жұбайым да - спортшы. Ұлым менің олимпиада чемпионы болса, деп армандап едім, енді, міне, өмірі үшін күресіп жатырмыз. Көмектесіңіздерші, өтінеміз.

Жәмил бар-жоғы 1 келі 600 грамм болып, 7,5 айында  туған. «Шала туған шақалақты бір айға жетпестен, бес тәулікте үйге шығарды. Содан сүйегі сал болды», - деп анасы өткенге өкінеді. Тіпті, бауыр еті балалары үшін бірнеше мемлекетке де барған. Мәселен, 3 млн теңге несие алып Германияға барған. 5 мың евроға Францияға да апарған. Алайда, дәрігерлер Испанияда ғана сапалы, қажетті ем көрсетілетінін айтыпты.

Нұраддин Жұмашев, Жәмилдің әкесі:

Бармаған жеріміз, баспаған тауымыз жоқ. Судорогасы күннен күнге күшейіп бара жатыр. Сол бір ай бұрын Испанияға Барселона қаласына барып келдік. Сол жерде, Құдай қаласа, 5-6 айдан кейін операция жасау керек, ең бастысы дене дірілін тоқтату керек деп жатыр. Ұлымды аяққа тұрғызсам, деген арманым бар.

Ал, бұл  Жәмилдің осыдан бір ай бұрын Барселонаға барып қайтар алдындағы «дене дірілін» алған кезі.  Егер операция жасалмаса, осындай қиналысы тағы қайталанып, бала бақилық болып кетуі мүмкін.

Данияр Әлімқұл, тілші:

Спорт қуып, салауаттылықтың салтын сақтаған отбасы сәбиінің сау емес, сал болуы - ақ желеңділердің ағаттығынан дейді. Бірақ Жәмилдің ата-анасы дәрігерлердің соңынан шам алып түспей, Алланың сынағы деп қабылдады. Енді баланың қатарға қосылып кетуі үшін, жомарт жандардан көмек керек. Баланың бес ай өмірі қалды.  
 
Данияр ӘЛІМҚҰЛ