Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтауда бұзақылар қаладағы Мәңгілік алауға зақым келтірді

  • AstanaTV
  • 12 қараша 2014
  • 1222

Ал Ақтауда тәртіп сақшылары қаладағы Мәңгілік алауға жанармай құйылған құтыларды лақтырып, көңіл көтерген бір топ бұзақыларды ұстады. Бейнетаспаға қарағанда, олар өз істеріне мәз. Күлкіге қарық болған. Ал осы іс-әрекеттерін қасындағы достарының бірі ұялы телефонға түсіріп, ғаламторда жариялапты. Бейнетүсірілімді аз уақытта бір мың адам көріп үлгерген. Полицейлер тәртіпсіздікке қатысушыларды ұстады. Олардың үлкені 18, қалғандары 16, 17 жаста. Барлығы бесеу. Қазір тәртіп сақшылары олардан жауап алуда.

Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, егер дерек дәлелденіп, күдікті жасөспірімдердің бұзақылық жасағаны расталса, қылмыстық іс қозғалады.

Базаркүл ІЗІМОВА