Русский Сайттың толық нұсқасы

Мемлекет басшысының «Нұрлы жол» Жолдауының жемісін келешек ұрпақ көреді

  • AstanaTV
  • 12 қараша 2014
  • 1593

Мемлекет басшысының «Нұрлы жол» жолдауының жемісін келешек ұрпақ көреді. Бұндай пікірді бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде Мәжіліс депутаты Гүлмира Исимбаева білдірді. Депутаттың сөзінше, Елбасының Үкімет пен жалпы қазақстандықтарға тастап отырған басым 7 бағыт бойынша үндеуі кезекті жолдауға дейін бір жыл ішінде орындалуы тиіс мақсат емес, еліміздің идеологиясы болып бекіген «Мәңгілік ел» қасиетті ұғымына жету жолындағы стратегиялық маңызды міндеттер.

Гүлмира Исимбаева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

Бұл жолдауды біз жылда қайталанатын, жылда болып отыратын оқиға сияқты қабылдағанмен, бірақ атқарылған істер бойынша, жаңа айтып отырмын, Қазақстанның дамуының жаңа тарихы, бетпернесі басталғандай болады. Бір 50-70 жылдан кейін көптеген мәселелерді осы 2014 жылғы қараша айындағы қабылдаған Жолдауда осындай жолдарды салу айқындалған. Міне, сол жолдармен қазір пайдаланып отырмыз деп айтатын болады ұрпақ, деп отырмын. 


Азамат АЛДОҢҒАРОВ