Елдің
тұтастығы мен бірлігі, татулығы мен тыныштығы ең басты назарда. Қазақстан
халқына Жолдауын осылай қорытқан Президент 13 ғасыр бұрын айтылған Тоныкөк
абыздың өсиетін тілге тиек етті. «Tүркі жұртының мұраты - Мәңгілік Ел». «Ал
жалпыұлттық идеяны өміршең ететін - елдің бірлігі. Ауызбіршілік қашқан,
алауыздық тасқан жерде ешқашан да жалпыұлттық идеялар жүзеге асқан емес.
Қазақстанның шыққан шыңы мен бағындырған биіктерінің ең басты себебі - бірлік,
берекесі», - деді Мемлекет басшысы. Осынау жалпыұлттық құндылықты әрбір жастың
бойына сіңіру қажеттігіне тоқталды. 2015 жыл - Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы
деп жарияланды. Осы бағытта жұмыс істейтін институт өкілдері бүгін Жолдаудың
маңызына тоқталды.
Айгүл
Сәдуақасова, ұлысаралық және дінаралық қарым-қатынастарды зерттеу орталығының
директоры:
Қысқа-нұсқа
және де ерекше-ерекше жағдайларға басым нүктелерді қойып берген Президенттің
Жолдауы қазіргі таңда шынымен де халықтың ойынан шығып отыр деп айтамыз.
Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ