Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдері Жолдаудың маңызына тоқталды

  • AstanaTV
  • 12 қараша 2014
  • 1354

Елдің тұтастығы мен бірлігі, татулығы мен тыныштығы ең басты назарда. Қазақстан халқына Жолдауын осылай қорытқан Президент 13 ғасыр бұрын айтылған Тоныкөк абыздың өсиетін тілге тиек етті. «Tүркі жұртының мұраты - Мәңгілік Ел». «Ал жалпыұлттық идеяны өміршең ететін - елдің бірлігі. Ауызбіршілік қашқан, алауыздық тасқан жерде ешқашан да жалпыұлттық идеялар жүзеге асқан емес. Қазақстанның шыққан шыңы мен бағындырған биіктерінің ең басты себебі - бірлік, берекесі», - деді Мемлекет басшысы. Осынау жалпыұлттық құндылықты әрбір жастың бойына сіңіру қажеттігіне тоқталды. 2015 жыл - Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы деп жарияланды. Осы бағытта жұмыс істейтін институт өкілдері бүгін Жолдаудың маңызына тоқталды.

Айгүл Сәдуақасова, ұлысаралық және дінаралық қарым-қатынастарды зерттеу орталығының директоры:

Қысқа-нұсқа және де ерекше-ерекше жағдайларға басым нүктелерді қойып берген Президенттің Жолдауы қазіргі таңда шынымен де халықтың ойынан шығып отыр деп айтамыз.

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ