Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан Президенті Грузия премьер-министрімен кездесті

  • AstanaTV
  • 12 қараша 2014
  • 1357

Грузия үшін Қазақстан - дос әрі өте жақын мемлекет. Бұлай деп, елімізге тұңғыш рет келген Грузия премьер-министрі Ираклий Гарибашвили Президент Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуде мәлімдеді. «Ақордада өткен кездесуде екі ел арасындағы  сауда-экономика, инвестиция және энергетика салаларындағы ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен келешегі талқыланды», - деп Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы елдер арасындағы қарым-қатынас өзара тиімді, дәстүрлі серіктестік негізінде дамып келе жатқанын айтты. «Қазақстан Грузиямен әрдайым жақсы қатынаста. Біздің екіжақты байланыстарымыз тәуелсіздік жылдары қарқынды дамыды. Біз Грузиямен ынтымақтастықты барлық бағытта - саясатта да, экономикада да - бұдан әрі нығайта беруге дайынбыз», - деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.

Грузия премьер-министрі Қазақстанға екі елдің өзара ықпалдастығын арттыру және кеңейту үшін келгенін айтты. «Бұл менің Сіздің елге премьер-министр ретінде келген алғашқы ресми сапарым. Қазақстанға, оның халқына біздің елде әрдайым айрықша ілтипатпен қарайды. Мен экономикалық, саяси және сауда қарым-қатынастарымыз алдағы уақытта да тереңдей береді деп үміттенемін», - деді Гарибашвили.

Жұрағат БАМАН