«Халықтық
IPO-дың» екінші кезеңі басталған бір апта аралығында құны 582 млн теңге тұратын
1 млн 151 мың акцияны сатып алуға өтінім түскен. «Сұраныс бар, яғни халықтың
сенімі артқан», - деді IPO науқанының барысына арналған баспасөз мәслихатында
«Самұрық-Қазына» қоры басқарма төрағасының кеңесшісі, бас директордың орынбасары Ерқанат Әбени.
Бір
адамға өткен жылғыдай құнды қағаздарға 7 млн теңге шамасында қаржы құюға
рұқсат. Азаматқа сатылатын акциялар құны да шектеулі - 14 мыңның төңірегінде
болады. Дегенмен желтоқсанның ортасынан бастап, акцияларды екінші нарықта
саудалауға рұқсат беріледі. Ал ол жерде құнды қағаздарды қолдан сатып алушылардың
айы оңынан туады.
Ерқанат
Әбени, «Самұрық-Қазына» қоры басқарма төрағасының кеңесшісі, бас директордың
орынбасары:
1156 өтінім келіп түсті. Жалпы соммасы 581 млн
424 мың 175 теңге. «Кегоктың» бір акциясының құны 505 тг. Барлық «Қазпочтаға» келген адамдар көбісі 7 млн дейін сатып алады, 14 мың акцияны.
Ақпараттық танытым шараларының басы-қасында
жүргендер қоғамның қаржылық сауаты тереңдей түсті деген пікірде. Бүгінде
еліміздің 25 қаласында 30 мыңға жуық адам «Халықтық IPO» бойынша сауат ашқан.
Мұхит Сейдахметов, «Асыл инвест» АҚ сату
департаментінің директоры:
Сұраныс болады. Өйткені Қазақстанның қор биржасында
қаржылық құралдардың жетіспеушілігі байқалады. Сондықтан халық, инвесторлар кез
келген құнды қағаздарды қуанышпен қабыл алады. Құнды қағаздар өте тиімді
болады.
Айгүл ӘДЕПБАЙ