Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркияның экономист-сарапшысы Қазақстан Президентінің Жолдауына өз бағасын берді

  • AstanaTV
  • 17 қараша 2014
  • 1342

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа арнаған Жолдауы халықаралық тақырыптың өзегіне айналды. Мәселен, Турхан Бозкурт - Түркияда  экономикалық тақырыптарға қалам тербеп, қалың оқырманына сауатты сараптамасын ұсынып жүрген мамандардың бірі. Ол Қазақстан Президентінің Жолдауымен жіті танысып, айтылған ұсыныс-ойларға өз бағасын берді.

Экономист ретінде Турхан Бозкур алдағы жылы әлемдік экономиканы бір өзгеріс күтіп тұрғанын айтады. «Құрама Штаттардың федералды резерв системасы доллардың проценттік ставкаларын өзгертуі мүмкін, бұл жағдай табысты доллармен табатын елдерді алаңдатады», - дейді сарапшы. Мұнай бағасының төмендеуі экспорттаушы елдердің экономикасына өзгеріс әкелетіні анық. Сондықтан бұл кезең расында сақтықты және алдын ала әзірлікті талап етеді. Сол үшін  Нұрсұлтан Назарбаевтың осы мәселелерге мән бере отырып, ел Үкіметін алдын ала дайындауы құптарлық жағдай дейді түрік экономисі.

Турхан Бозкурт, экономист-сарапшы /Түркия/:

Экономикалық сала маманы ретінде Қазақстан Президентінің Жолдауда көтерген мәселелері сауатты әрі ұтымды бастама деп санаймын. Өйткені әлем елдерінің экономикалық-әлеуметтік жағдайы АҚШ долларының бағасына байланысты екені анық. Нұрсұлтан Назарбаев осыны ескеріп, дұрыс бағыт айқындап отыр. Сонымен қатар, әлемдегі дамыған 30 елдің қатарынан көрінуді мақсат еткен ел ретінде Қазақстанға түрлі кедергілерден сүрінбей өтудің бір жолы. Президент мемлекеттер арасындағы экономикалық байланыстарды үзбей тіпті оның қарқынды дамуына айрықша ден қойып отыр. Оның бір дәлелі - инвистиция тартуды тоқтатпай, оған жағдай жасау және «құрғақ порт» құрылысы бастамасы, бұл өз кезегінде халықаралық байланыстың кеңеюіне жол ашпақ.