Русский Сайттың толық нұсқасы

ШҚО-да 10 күн бұрын жоғалып кеткен екі балықшының денелері табылды

  • AstanaTV
  • 17 қараша 2014
  • 1699

Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданындағы Ертіс өзенінен екі балықшының мәйіті табылды. Төтенше жағдайлар департаменті суға батып кеткендер осыдан 10 күн бұрын жоғалып кеткен «Казцинк» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі риддерлік бөлімшесінің директоры және Риддердегі Тишинск кен орнының қызметкері екендігін растады.

Еске салайық, Сергей Рогозин мен Юрий Ситников 7 қараша күні жоғалып кеткен болатын. 8 қарашада басталған іздестіру жұмыстарына құтқарушылар мен қатар суда құтқару қызметінің мамандары, әскери және мобильдік жасақтар қатысқан. Барлығы 79 адам, 13 техника бірлігі, 13 қайық және МИ-8 тікұшағы тартылған болатын. 

Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ