Русский Сайттың толық нұсқасы

Мемлекет басшысы Бас прокурор мен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасын қабылдады

  • AstanaTV
  • 17 қараша 2014
  • 1277

Бүгін Мемлекет басшысы Бас прокурор Асхат Дауылбаев пен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаровты қабылдады. Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік қызметшілердің жұмысын мінсіз әрі адал атқаруы үшін қажетті жағдайлар жасалып жатқанын, жуырда ғана жалақының еселеп өскенін атап өтті.

«Сондықтан біз олардан адал қызметтің үлгісін көрсетіп, заңнаманы сақтауды талап етуге құқылымыз. Бұл, әсіресе, мемлекеттен орасан қаражат бөлініп, «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатын жүзеге асыру жөнінде ауқымды жұмыс жүріп жатқан қазіргідей кезеңде айрықша өзекті. Сондықтан Бас прокуратура мен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне «Нұр Отан» партиясымен бірлесіп жұмыс істеген жөн»,- деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Государство тратит много времени и средств, чтобы вырастить эффективных управленцев. И, когда они затем допускают коррупционные проявления, все эти усилия и затраты оказываются впустую. Население должно это понимать и быть заинтересованным в совместной бескомпромиссной борьбе против коррупции. 

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ