Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағандыда ірі ұялы байланыс операторларын тонап келген қылмыстық топ ұсталды

  • AstanaTV
  • 18 қараша 2014
  • 1219

Қарағандыда ірі ұялы байланыс операторларын тонап келген қылмыстық топ ұсталды. Алаяқтар бағалы қондырғыларды ұрлап, сатумен айналысқан. Олар ұялы байланыс операторларының трансформаторлық аккумуляторларын қала көшелерінде тұрған жерлерінен шешіп алып отырған. Сөйтіп қондырғының әрбір данасын 100 мың теңгеден аккумулятор қабылдайтын дүңгіршекке тапсырып келген.

Осылайша оңай олжаға кенелмек болған жас жігіттер күзден бері Қарағанды, Теміртау қалаларында 200 астам аккумулятор ұрлаған. Қондырғылардың жалпы құны 20 миллион теңгеге жеткен. Қазір күдіктілерге қатысты қылмыстық іс қозғалып, олар уақытша қамауға алынды.

Поехали с друзьями по юго-востоку. Вытащили свечи эти для интернета. Сдали в пункт приема аккумулятора.

Аслан Айтқалиев, Қарағанды қалалық ІІБ Октябрь  аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары: 

Осы ұрлыққа қатысты деген бірнеше адам ұсталды. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 132-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Уақытша қамау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда ұсталған адамдар кінәларын мойындап, жауап беруде.

Айжан ҚУАШ