Ақмола
облысындағы Баянбай
ауылында мектеп оқушылары мен ұстаздар эвакуацияланды. «Мұнда бром
сақталған ампула жарылды», - деп хабарлайды
облыстық төтенше жағдалар департаменті. Оқыс оқиға кеше орын алған.
Белгілі
болғандай,
25 миллилитрлік
шыны ыдыс мектеп сейфінің ішінде жарылыпты. Мектепке дереу жеткен құтқарушылар
120-дан астам шәкірт пен 40-қа жуық
ұстазды эвакуациялады. Сейф оқу ордасынан шығарылды. Бүгін мектепте
сабақ қайта жанданды.
Айта өтейік, бром химиялық элементі - аса улы зат. Оның
ауадағы концентрациясы 0,001%-ға ғана жеткен күннің өзінде адамның басы
айналып, мұрнынан
қан кетеді, ал ауаға бұдан жоғары концентрациясы тарап кетсе,
адамның тынысы тарылып, тұншыға бастайды.
Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА