Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақмола облысының мектебінде бром сақталатын ампула жарылып, 160 адам эвакуацияланды

  • AstanaTV
  • 18 қараша 2014
  • 1432

Ақмола облысындағы Баянбай ауылында мектеп оқушылары мен ұстаздар эвакуацияланды.  «Мұнда бром сақталған ампула жарылды», - деп хабарлайды облыстық төтенше жағдалар департаменті. Оқыс оқиға кеше орын алған.

Белгілі болғандай, 25 миллилитрлік шыны ыдыс мектеп сейфінің ішінде жарылыпты. Мектепке дереу жеткен құтқарушылар 120-дан астам шәкірт пен 40-қа жуық  ұстазды эвакуациялады. Сейф оқу ордасынан шығарылды. Бүгін мектепте сабақ қайта жанданды.

Айта өтейік, бром химиялық элементі - аса улы зат. Оның ауадағы концентрациясы 0,001%-ға ғана жеткен күннің өзінде адамның басы айналып, мұрнынан қан кетеді, ал ауаға бұдан жоғары концентрациясы тарап кетсе, адамның тынысы тарылып, тұншыға бастайды.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА