Русский Сайттың толық нұсқасы

Philae аппараты комета бетінен органикалық молекула анықтады

  • AstanaTV
  • 18 қараша 2014
  • 1531

Philae аппараты комета бетінен органикалық молекуланы анықтады. Ол ғарыш денесінде тіршіліктің пайда болуына әсер етуі мүмкін. Бұл жөнінде The Wall Street Journal хабарлайды. Анықталған қоспаның құрамында көміртегі атомы бар болып шықты.

Ғалымдар табылған молекуланы әлі де терең зерттей түспек. Ол соңғы 4,5 миллиард жылда ешқандай өзгеріске ұшырамаған  күн жүйесі эволюциясын жіктеуге жол ашуы мүмкін. Сондай-ақ табылған молекула жер бетінде тіршілік пен судың қалай пайда болғанын анықтауға көмектесуі ықтимал. Еске салайық, 12 қарашада адамзат тарихындағы тұңғыш автоматты зонд  кометаға қондырылған.

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ