Русский Сайттың толық нұсқасы

Серік Ахметов жемқорлық фактісі бойынша күдікке алынып, үй қамаққа алынды

  • AstanaTV
  • 19 қараша 2014
  • 1981

Серік Ахметов үй қамаққа алынды. Экс-қорғаныс министрі жемқорлыққа қатысы бар деген күдікке ілікті. Параға жол берді деген айыппен тұтқындалған Қарағанды облысының экс-шенеуніктеріне қатысты жүріп жатқан тергеу амалдарының аясында Ахметовке қарсы да айып тағылды. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады. Тергеу амалдарына байланысты қалған ақпарат жарияланбайды делінген баспасөз парағында.

Естеріңізде болса, бұған дейін жемқорлық бабы бойынша Қарағанды облысының және қаласының экс-басшылары Бауыржан Әбдішев пен Мейрам Смағұлов тұтқындылған еді. Сонымен қатар «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы, «Металлургия-Металл өңдеу» индустриялық паркі және «ҚазАгроҚаржы» бұрынғы басшыларына қатысты да тергеу амалдары жүріп жатыр. Ал Премьер-министр тағынан Қорғаныс министрі қызметіне ауысқан Серік Ахметов қазанның 22-де жұмысынан босатылды.

Айгүл ӘДЕПБАЙ