Русский Сайттың толық нұсқасы

«ЕХРО-2017» көрмесіне қатысамын деушілер өтініштерін онлайн режимінде жолдай алады

  • AstanaTV
  • 19 қараша 2014
  • 1254

«ЕХРО-2017» халықаралық көрме байқауына қатысуды көздеген үміткерлер өз жобаларын онлайн түрінде ұсынуларына болады. Осы мақсатта арнайы республикалық штаб та құрылды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды. Штабтың құрамына елдегі түрлі ұлттық институттар, акционерлік қоғамдар және «Жасыл экономиканы дамыту, G-Global» сынды ірі ұйымдар бар. Орталықтың негізгі міндеті - ең үздік «жасыл жобаны» анықтау.

Байқау 5 номинациядан тұрады. Олардың басым бөлігі энергия көздері мен ресурстарды үнемдеуге негізделген. Айта кететін жайт, аталмыш байқауға кез-келген үміткер қатыса алады. Яғни жас ерекшелігі шектелмеген. Алайда жобаны қаржыландыратын институттардың үміткерлерге қоятын өзіндік талаптары бар. Ол туралы толық ақпарат штабтың ресми сайтында көрсетілген. Сонымен қатар 2015-2016 және 2017 жылдары Астанада шағын ЕХРО көрмесін ұйымдастыру жаспарлануда.  

Салтанат Рахымбекова, «ЭКСПО-2017» АҚ ҰК басқарушы директоры:

Өздерінің лобораториялары мен жоғарғы орындарында жұмыс жасайтын ғалымдар үшін бұл өте қолайлы. Сондай-ақ олардың өздерімен қатар студенттері де бұл байқауға атсалыса алады. Сол себептен онлайн режимі олардың мүмкіндіктеріне жол ашады. Яғни интернет ресурсы бұл ең алдымен уақытты ұтымды пайдалануға  және ЕХРО көрмесінің сапала болуына  да тиімді болмақ.

Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ