Русский Сайттың толық нұсқасы

Елбасы Су ресурстары комитетінің төрағасын қабылдады

  • AstanaTV
  • 19 қараша 2014
  • 1783

Бүгін Президент Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты Су ресурстары комитетінің төрағасы Ислам Әбішевті қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Кездесуде су шаруашылығын дамыту мен су қорын тиімді пайдалану және қорғау жайы сөз болды. Президент елімізде сумен қамтамасыз ету мәселесі аса өзекті екенін атап өтті. «Жаңа бөгеттер құрылысын салу қажеттілігін анықтап, жер асты суларын пайдалану, жайылымдарды суландыру жөнінде зерттеулер жүргізу керек», - деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев су шаруашылығын дамыту үшін бірқатар жұмыстар атқарылып жатқанына тоқталды. Ислам Әбішев түйткілді мәселелер біртіндеп шешіліп жатқанын, мұны жергілікті тұрғындар оң бағалап отырғанын айтты. Қазіргі кезде су ресурстарын басқару жөніндегі мемлекеттік бағдарламаға сәйкес, барлық су көздерінде түгендеу жүріп жатқанын атап өтті. Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді.  

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Солтүстік Аралда су Арал қаласына жақындады. Осының бәрі жергілікті халықтың тұрмысын жақсартуға оң ықпалын тигізді, балық аулауға, жұмыс орындарын құруға мүмкіндік берді. Қызылорданы сумен қамтамасыз ету үшін, Көксарай су қоймасы салынды. Қызылорданы жылдағы су басу қаупі жоқ. Мақтаарал ауданындағы гидромелиорация жұмыстарына да едәуір қаражат жұмсалды.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ