Русский Сайттың толық нұсқасы

Ким Чен Ынның Ресей президенті Путинге жазған хаты төңірегінде түрлі жорамалдар айтылуда

  • AstanaTV
  • 20 қараша 2014
  • 934

Ким Чен Ынның Ресей президенті Владимир Путинге жолдаған хатының мазмұны жарияланбауда. Сарапшылар күні бұрын Кремльге арнайы өкіл арқылы жеткен хатта не туралы жазылуы мүмкін екенін болжап, сан саққа жорып жатыр.

Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков «Коммерсант» басылымына түсініктемесінде, хат президенттің жеке өзіне қатысты емес екенін айтқан, десе де оның мазмұнымен бөлісе алмайтыны мәлімдеген. Тағы бір болжам  - Ким Чен Ын Ресейден БҰҰ-на қатысты қолдау сұрайды.

Ал, Австралия Ұлттық университетінің оқытушысы Леонид Петров, хатта Ким Чен Ынның Мәскеуге ресми сапары туралы жазылған, дейді. Солтүстік Кореяны үш жылдан бері басқарып отырған Ким Чен Ын бір-де-бір рет елден аттап шықпаған. Тек әлемдік жетекшілермен хат алмасумен шектеліп отыр. Бұдан бұрын ол БҰҰ-ның бас хатшысы Пан Ги Мунды Солтүстік Кореяға шақырғаны туралы ақпарат тараған. Бірақ Ұлттар Ұйымындағылар оны жоққа шығарды.

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ