Русский Сайттың толық нұсқасы

«Нұр Отанның» қарағандылық филиалының ХХ конференциясында Жолдаудың негізгі бағыттары айқындалды

  • AstanaTV
  • 20 қараша 2014
  • 1730

«Нұр Отан» партиясы тұрғындардың әлеуметтік-экономикалық мәселелерін тыңғылықты шешуді жалғастыра бермек. Бұл туралы партияның Қарағанды облыстық филиалының ХХ есеп беру-сайлау конференциясында айтылды. Саяси ұйым белсенділері халықтың мұң-мұқтажын тыңдап, нақты шешімдер қабылдауға жұмыла кіріспек.

Елдің әл-ауқатын жақсарту үшін маңызды мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырудың қажеттігін Елбасы өз Жолдауында айтқан болатын. Сондықтан қарағандылық партия мүшелері Мемлекет басшысы ұсынған бағдарламалардың негізгі бағыттарын айқындады. Ірі өнеркәсіптік жобаларды дамыту, балабақша-мектептер мен халықты баспанамен қамтуды жүзеге асыруға ат салыспақ. Сондай-ақ, 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы қолға алынады.  Жергілікті филиалдарға партиялық бақылауды күшейту тапсырылды. Олардың іс-әрекетін партияның Саяси кеңес бюросы қадағалайды.

Нұрмұхамбет Әбдібеков,  «Нұр Отан» партиясы Қарағанды облыстық филиалының төрағасы:

«Нұрлы жол» Жолдауының ел тарихында тұңғыш рет «Нұр Отан» партиясының қабырғасында таныстырылуында үлкен мән бар. Бұл еліміздің саяси өміріндегі аса маңызды оқиға ғана емес, партияға деген үлкен сенімділік пен жауапкершілік. 


Айжан ҚУАШ