Русский Сайттың толық нұсқасы

Украина гривнасы 100 пайызға құлдырап кетті

  • AstanaTV
  • 21 қараша 2014
  • 1214

Украина ұлттық валютасы гривнаны 100 пайызға девальвациялады. Бұл ақпаратты «Взгляд» басылымы Украина ұлттық банкінің басшысы Валерия Гонтареваға сілтеме жасап таратты.

Бұған қарамастан, ұлттық банк гривна бағасы болшақта тұрақты жағдайға түседі деп сеніп отыр. Гонтареваның айтуынша, Украинаның банк жүйесін осал деуге болмайды. «Алдағы уақытта Еуропа нарығына шығуға дайынбыз»,- деді ол. Сонымен бірге ол халықты қолдап, несие беруді бастаймыз деп отыр. Жақында банк жүйесіне байланысты заң жобасы Жоғарғы Радаға жөнелтіледі.

Айта өтейік, қазір Украина экономикасы қиын кезеңді бастан кешіруде. Оның үстіне халықаралық әріптестердің де көмегі шамалы. Киев қаласының бюджеті 274 миллион долларға қысқарды. Жарты жыл ішінде Ішкі өнім 3 пайызға төмендеді.

Самат ҚАНАҒАТОВ