Русский Сайттың толық нұсқасы

Ислам мемлекеті көпшілікті елең еткізген бейнежазба жариялады

  • AstanaTV
  • 24 қараша 2014
  • 1620

Ислам мемлекеті көпшілікті елең еткізген бейнежазба жариялады. Онда қазақстандық он шақты бала радикалды ислам лагерінде жаттығу өткізіп жатқаны бейнеленген. Кәмелетке толмаған балалар  арабша оқу-жазуды үйреніп, қару жарақты қалай қолдану керектігін меңгеріп жатыр.

Британдық DailyMail газетінің жазуынша, бейнежазбаны «Аль-Хаят Медиа Орталығы» дайындаған. Роликте бала алдымен Калашников автоматын шашып, артынша қайта жинастырады. Ал жазбаның соңында өзін Абдулла деп таныстырған екі бозбаланың бірі болашақта моджахед болатынын айтқан.

Өткен аптада ҰҚК-нің басшысы Нұртай Әбіқаев Ислам мемлекетінің қатарында 80-нен аса мемлекеттің өкілдері бар екенін, олардың  300-ден астамы қазақ азаматтары екенін нақтылаған болатын. Ирак пен Сирия жерінде жауласып жатқан Ислам халифатының өкілдері ислам мемлекеттері аумағын 5 жыл ішінде кеңейтуді көздеген.

Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ