Русский Сайттың толық нұсқасы

Тұңғыш Президент күніне орай автошеру ұйымдастырылды

  • AstanaTV
  • 25 қараша 2014
  • 1335

Тұңғыш Президент күніне орай тәжік-ауған шекарасындағы жауынгерлік іс-қимылдарға қатысқан ардагерлер автошеру ұйымдастырды. Олар Атырау қаласына тоқтады.

Автошеруге қатысушыларды атыраулық әскерилер мен студенттер орталық Исатай-Махамбет алаңында сән салтанатпен қарсы алды. 21 қараша күні Ақтөбе қаласынан бастау алған автошеру Орал қаласынан соң мұнайлы аймаққа табан тіреп отыр. Алда Маңғыстау облысының бірнеше ауданы бар, автошеру 27 қарашада Ақтау қаласында тәмәмдалмақ. «Шараның мақсаты - жастар арасында әскери-патриоттық тәрбиені насихаттау»,- дейді ұйымдастырушылар.

Мұрат Мұхамеджанов, автошеруге қатысушы:

Біз бұл автошеруді алда келе жатқан Ұлы Жеңістің 70 жылдығына және Тұңғыш Президент күніне арнаймыз. Біз де «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Жолдауымен біргеміз. Біздің маршрут Ақтөбе, Орал қалаларында болды, ал алда Бейнеу, Жетібай, Шетпе, Жаңаөзен, Мұнайлы бар. Соңғы аялдама - Ақтау қаласы. Автошеруіміздің басты мақсаты - жастарды әскери-патриоттық тұрғыда тәрбиелеу. Отан сүйгіштікке баулу.

Базаркүл ІЗІМОВА