Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанадағы Ұлттық мұражайда «Ерен Елбасы - Кемел Көшбасшы» атты көрме ашылды

  • AstanaTV
  • 26 қараша 2014
  • 3603

Астанадағы ҚР Ұлттық мұражайында «Ерен Елбасы - Кемел Көшбасшы» атты көрме ашылды. Шара Қазақстанның Тұңғыш Президенті күніне орай ұйымдастырылған. Көрме залын Ұлттық мұражай директоры Дархан Мыңбай салтанатты түрде ашты. «Егеменді елдің бейбіт күн кешуі ертеңін ойлаған Елбасының арқасында», - дейді мұражай басшысы. Сол себептен орталықтан ойып тұрып орын алған көрмеге Президенттің түрлі кезеңдегі фотосуреттері қойылған.

Көрме 25 қараша мен 25 желтоқсан аралығында өтеді. Сондай-ақ, мұражайдың акт залында «Біздің Елбасы» атты президенттік оқулар өтті. Онда ЖОО-ры мен колледж студенттері өздерінің Президентке арналған баяндамалары мен арнау өлең жолдарын оқыды.

Дархан Мыңбай, ҚР Ұлттық мұражайы директоры:

Осы музейде Тұңғыш Президентіміздің күнін атап өту - біз үшін зор мәртебе. Өйткені осы музей ғана емсе, бүкіл Қазақстанның жаңа Қазақстанның, Қазақстанның жаңа дәуірінің тарихы Елбасының атымен байланысты. Көрмеде ол кісінің бүкіл өмір жолына байланысты, өмірбаянына байланысты және одан басқа ол кісінің өзінің жазған кітаптары және тәуелсіз Қазақстанның әрбір тарихи парағы сол кісінің атымен байланысты. Сондықтан соның бәрін көруге мүмкіндіктеріңіз бар. 

Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ