Русский Сайттың толық нұсқасы

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жемқорлықпен күресті өз қатарынан бастайды

  • AstanaTV
  • 26 қараша 2014
  • 2387

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жемқорлықпен  қарсы күресті өз қатарын тазартудан бастайды. Осылай деп бүгін агенттіктің кеңейтілген кеңесі барысында ведомство басшысы Қайрат Қожамжаров айтты. «Біз Елбасы сенімін ақтап, оның жоғары сеніміне лайықты болуға міндеттіміз. Жұмысымызды мінсіз атқарып, қызмет мәртебесін қызметтік емес мақсаттарда пайдалануға бармауымыз шарт», - деді агенттік жетекшісі.

Азаматтардың құқығы мен заңды мүддесіне нұқсан келтірмеу міндеттерін де басты назарда ұстаймыз, деп қосты агенттік басшысы қол астындағыларына қарата. Сондай-ақ, Қайрат Қожамжаров бір-екі факт негізінде шенеуніктердің барлығын жемқор деп атауға болмайды деген пікірде.

Қайрат Қожамжаров, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы:

Қазақстандық шенеуніктердің басым бөлігі заманауи басқарушыға қойылатын негізгі талаптарға сай. Өз міндеттерін мүлтіксіз атқарып келеді. Жемқорлық пен парақорлыққа  барған санаулы шендіге қарап, басқарушы аппараттағылардың барлығы қылмыскер деп айтуға болмайды. Біздің агенттік мемлекеттік қызметтегі кадрлардың құрамын тазарту үшін барынша күш салады.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА