Орал
халықаралық әуежайындағы цемент бетонға алмастырылған ұшу жолағы әуежай
қызметіне еш кедергі келтірмейді. Әуежай ішкі және халықаралық рейстерде
қатынайтын кез-келген үлгідегі ұшақты қабылдауға қауқарлы. Бұл туралы Астанада
тілшілерге берген сұхбатында Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары
Серік Мұқтыбаев мәлімдеді.
Оның айтуынша, әуежайдың ұшу алаңындағы төсемді
алмастыру алдында техникалық-экономикалық негіздеме жасалып, мемлекеттік
сараптама жүргізілген. «Нәтижесінде цемент-бетон материалын төсеу мерзімі аз уақыт
талап ететіндігі және экономикалық тұрғыдан тиімдірек болатыны анықталып,
осындай шешім қабылданды», - деді Мұқтыбаев.
Серік Мұқтыбаев,
Инновациялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының
орынбасары:
Әуе компанияларына Орал әуежайына ұшуға тыйым
салынады, басқа да кедергілер болады деп айта алмаймын. Егер біздің атымызға
әуежай ұшақтарды қабылдаудан бас тартып жатыр деген ақпарат түссе, біз
мән-жайды анықтауға кірісеміз.
Жұрағат БАМАН