Русский Сайттың толық нұсқасы

Әлемдік дағдарыс «Парыз-2014» конкурсын өткізуге қолбайлау жасамайды

  • AstanaTV
  • 18 желтоқсан 2014
  • 1070

Әлемдік дағдарыс «Парыз-2014» конкурсын өткізуге қолбайлау жасамайды. Бұл жөнінде әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы мәлімдеді. Биыл сайысқа  еліміздің барлық аймақтарынан 584 кәсіпорын қатысуға ниет білдірген. Көш басында - Қостанай облысы. Шығыс Қазақстан мен Павлодар өңірлері де қалыспайды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, биыл конкурс бағдарламасына бірқатар өзгерістер енгізіліп, тағы бір номинация қосылған. Ол «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» аталымы. Номинация қызметкерлердің денсаулығын сақтауға мүмкіндік берушілерді ынталандыру үшін енгізілді. Айта өтейік, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру мақсатымен ұйымдастырылатын «Парыз» сайысы биыл 7 рет өткізіледі.

Ахмади Сарбасов, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасы:

2008-2009 жылдары әлемдік қаржы дағдарысы орын алған. Дегенмен бұл еліміздегі әлеуметтік бағдарламалардың дамуын тежеген жоқ. Қазіргі болып жатқан ахуал да  болашаққа жоспарланған әлеуметтік бағдарламаларымызға кері әсерін тигізбейді деген ойдамыз.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА