Русский Сайттың толық нұсқасы

«Нұр Отан» партиясының жаңа мүшелеріне партиялық билеттер табысталды

  • AstanaTV
  • 28 қараша 2014
  • 5871

Президент күні қарсаңында бүкіл республика бойынша «Нұр Отан» партиясының қатарына салтанатты қабылдау өтті. Жер-жерде мыңға жуық азаматқа жаңа үлгідегі партия билеті тапсырылды. Астанада партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек салтанатты түрде тоғыз азаматқа партия билетін табыс етті.

Белгілі өнер, спорт майталмандары, қарапайым еңбек адамдары «Нұр Отан» партиясын таңдайды. Сан салада биіктен көрініп жүргендер өз жетістіктерін жетекші партияның жүргізіп отырған саясатымен байланыстырады. Сондықтан бүгін Астана төрінде Бауыржан Байбектің қолынан партия билеттерін алды.

Бауыржан Байбек, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

Осы тоғыз ай ішінде  50 мыңнан астам адам біздің партияға келді. Сол себептен «Нұр Отан» партиясы әрқашанда халықтың мәселелерін шешіп, Еліміздегі бейбітшілікті, тұрақтылықты, келсімді қамтамасыз ету қажет. Ал енді бүгін партияға қабылдау рәсімін өткізіп жатыр. Ол біздің үлкен мерекелеріміздің бірі - Қазақстан Тұңғыш Президенті күніне орай жасалып отыр.

Көркем гимнастикадан бірнеше дүркін Азия чемпионы, шымкенттік Анна Алябьева қазір шәкірт тәрбиелеумен шұғылданады. Спортшы партия арқылы қоғамдық өмірге араласып, жастарға үлгі болғысы келеді.

Анна Алябьева, көркем гимнастикадан бірнеше дүркін әлем чемпионы:

Спорттағыдай партияға да рухы мықты адамдар келеді. Бастаған ісін аяқтайтын, мойнына жауапкершілік алатын жандар. Партияның көмегімен бірқатар әлеуметтік жобаларды іске асыруды ойлаймын. Әсіресе жастарды салауатты өмірге үгіттеу бағытында жұмыс атқарғым келеді.

Салтанатты шарадан соң, жер жерден келген белсенді жастар республикалық қоғамдық қабылдау мен «Электронды партия» жобасымен танысты. Бұл ғимаратты бір жыл бұрын Президенттің өзі ашқан. Жаңа жүйе арыз-шағымды электронды түрде қабылдап, оны әрі қарай қадағалауға мүмкіндік береді. Бүгінгі тілмен айтқанда «Нұр Отан» әр үйде онлайн дегенге саяды. Жобамен жете танысқан жастар оны халыққа таратуға дайын.

Салтанат Әли, «Жас Отан» жастар қанатының Астана қалалық филианың атқарушы хатшысы:

Осы электронды партия жұмысын, басқа да қоғамдық қабылдау жұмысын жастар арасында кеңінен насихаттап, оның қалай жүзе асатын тетіктерін түсіндіруге тиіспіз. Бүгін партияның электронды жұмысымен танысып, партия Төрағасының бірінші орынбасырмен кездесу кезінде көптеген мәнді мағыналы қызық жағдайға куә болдық.

Дәл осы республикалық қоғамдық қабылдау арқылы Президентке базынасын айтқан жанның бірі Гүлнәр Құлышева. Дәрігер жетімдер үйінде сал ауруына шалыққандарды емдейтін орталық ашуды қолға алған. Науқас бөбектердің беті бері қарап, ірі әлеуметтік жоба жемісін берді. Бірақ көпті қамтуға қаражат қолбайлау болған.

Гүлнәр Құлышева, «Ұлт болашағы - дені сау ұрпақ» жобасының жетекшісі:

Елбасына осы әлеуметтік жобаны түсіндіріп айтып бердік. Қандай нәтижеге жеткенімізді айттық екі жылда, Елбасымыз бізді қолдай отырып, осы әлеуметтік жоба не үшін керек екенін жете түсінгісі келіп, бәрін сұрады. Біз өзіміздің көрсеткіштерімізді айттық.

Содан соң Президенттің тапсырмасымен әлеуметтік жобаны «Самұрық-Қазына» қаржыландыра бастады. Қазір сәтті іске асып жатыр.

Аймақтарда 200-дей бала оңалту орталықтарында ем қабылдайды. Биылдың өзінде еліміздің барлық аймақтарында жұмыс істейтін қоғамдық қабылдауларға 560 мың адам хабарласқан.

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ