Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада «Ел қолдаған Елбасы» атты картиналар мен фотосуреттер көрмесі ашылды

  • AstanaTV
  • 28 қараша 2014
  • 1162

Астанада Елбасы қорының бастамасымен «Ел қолдаған Елбасы» атты картиналар мен фотосуреттер көрмесі ашылды. Салтанатты шара Тұңғыш Президент күніне орайластырылып отыр. Экспозицияда Президент тұлғасының сан түрлі қырларын көрсететін қызықты және тосын фотосуреттер қойылған.

Әсіресе Елбасының ой-толғау үстіндегі, қазақстандық отбасылармен, балалармен, қала және ауыл еңбеккерлерімен кездескен қуанышты сәттері, сондай-ақ белгілі суретшілердің портреттік еңбектері жұрт көңілінен шықты. Айта кетейік, «Назарбаев орталығында» ұйымдастырылған көрме қарашаның жетісіне дейін жалғаспақ.

Оразкүл Асанғазы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Осы іс шаралардың барлығының мақсаты - Елбасының сан қырлы жеке тұлға ретіндегі қасиеттерін жастарға таныстыру, үлгі алуға ұмтылдыру. Бүгінгі мынау суреттер көрмесінде, мінекей, көптеген жастар осында келіп тұр. Әр суреттің қасында тұрып көп ойланып, көп нәрсені үйренуге, ұғынуға болады.

Жұрағат БАМАН