Русский Сайттың толық нұсқасы

Елордалық жұртшылық Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесін тойлады

  • AstanaTV
  • 02 желтоқсан 2014
  • 1119

Елордалық жұртшылық Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесін көпшілік болып тойлады. «Бір Отан, бір тағдыр, бір Елбасы» ұранымен өткен концерттік шараға мыңдаған жастар мен отандық эстрада жұлдыздары қатысты.

Мерекелік күннің қуанышын халықпен бөлісуге келген Мемлекет басшысы барша қазақстандықтарды құттықтап, алаштың өзіне артқан сенімі үшін алғыс білдірді.

1991 жылдың 1 желтоқсанында Қазақстанда алғаш рет Президент сайлауы өткен. Саяси додада Нұрсұлтан Назарбаев жеңіске жеткен еді. Осы дата бірнеше жылдан бері елімізде Тұңғыш Президент күні ретінде тойланып жатыр. Бұл күні Елбасы ортақ мақсаттарға бірлікпен ғана жетуге болатынын тағы бір қайталады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Халықтың сеніміне сүйендім. Халықтың сенімі күш-қуат берді. Содан бері біз міне 23 жыл тәуелсіз мемлекетте өмір сүріп келеміз. Ешкім танымайтын қазақты бүкіл әлем таныды, ешкім білмейтін Қазақстанды бүкіл жұртышылық, мемлекеттер таныды. Бақытты болыңдар, ел бақытты болсын, сіздер бақытты болыңыздар.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ