Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда трамвай депосы өртенді

  • AstanaTV
  • 02 желтоқсан 2014
  • 1403

Алматыда трамвай депосы өртенді. Тілсіз жау шойын жолмен жүретін қоғамдық көліктер тұрағында тұтанған. Төтенше жағдайлар қызметінің алдын ала мәліметінше, 2 мың шаршы метрдей аумақты жалын шарпыды.

Шатырдан басталған алау ішке қарай лап береді. Абырой болғанда, осы мезгілде жұмыста болған  жүргізушілер трамвайларды сыртқа шығарып үлгерген. Бірнеше сағатқа жалғасқан өрт салдарынан, 5 көлік бағытқа шықпады.  Мамандар өрттің  неден болғанын анықтап жатыр.

Айта кетейік, Алматы трамвай депосы 1938 жылы құрылған, оның жалпы аумағы 30 мың шаршы метрді құрайды.

Гауһар Нөкербекова, «Алматыэлектротранс» ЖШС баспасөз хатшысы:

Трамвай депосы қызметкерлерінің көмегімен барлығы 16 құрам сыртқа дер кезінде шығарылды. Олардың ешқайсысына зақым келген жоқ. Қызметкерлер арасында зардап шеккендер жоқ. 

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ