Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтауда мерзімі өткен дәрілер табылды

  • AstanaTV
  • 03 желтоқсан 2014
  • 1281

Ақтауда пайдалану мерзімі әлдеқашан өтіп кеткен дәрі-дәрмектер мен қолданыста болған шприцтер ашық-шашық күйі далаға лақтырылған. Мұндай қауіпті препараттарға толы ондаған қорап қала аумағынан табылды.

Оларды «Эко Маңғыстау» үкіметтік емес ұйымының қызметкері көрген. Жарамдылық мерзімі жарты жыл бұрын өтіп кеткен дәрілік заттар Қытайда жасалған сыңайлы. Қораптардағы жазуды аударған мамандар осыны байқаған. Мәселен, бір дәрінің жұқпалы ауруларды емдеуге қолданылатыны анықталды. Осыған орай, «Эко Маңғыстау» ұйымы тұтынушылар құқығын қорғау департаменті мен табиғат қорғау прокуратурасына хат жазды. Онда қауіпті дәрілердің шығу төркіні мен оларды қала аумағына кімнің төгіп кеткенін анықтауды сұраған.

Кирилл Осин, «Эко Маңғыстау» ҮЕҰ жетекшісі:

Бұл шприцтер мен өзге де медициналық құрылғылардың қандай мақсатта қолданылғанын ойлаудың өзі қорқынышты. Мүмкін, жұқпалы індеттер емделген шығар. Мына жерде иттер жүреді, адамдар да жүреді ауыл жақын орналасқан. Барлығы ашық-шашық жатыр. Әрине қауіп бар.

Айгүл ӘДЕПБАЙ