Brent маркілі мұнай бағасы жыл соңына
дейін 60 долларға құлдырайды. Ал 2015 жылдың басында Brent-тың баррелі 50
долларға дейін арзандайды. Бұл туралы
Bloomberg агентттігі Andurand Capital Management қорының жетекшісіне
сілтеме жасап хабарлады.
Оның айтуынша, кейін мұнай бағасы
баррель үшін 60-70 долларға қайта көтеріліп, осы деңгейде тұрақтайды. Сондай-ақ,
сарапшының топшылауы бойынша, келесі жылдың бірінші жарты жылдығында мұнайдың
әлемдік қоры күн сайын 1-2 млн баррельге дейін көбейіп отырмақ. Өйткені, Сауд Арабиясы және мұнай экспорттаушы
елдер қауымдастығы мұнай өндірісін тоқтатпайды.
Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА