Русский Сайттың толық нұсқасы

Мұнай бағасы баррелі үшін 50 долларға дейін құлдырайды

  • AstanaTV
  • 03 желтоқсан 2014
  • 985

Brent маркілі мұнай бағасы жыл соңына дейін 60 долларға құлдырайды. Ал 2015 жылдың басында Brent-тың баррелі 50 долларға дейін арзандайды. Бұл туралы Bloomberg агентттігі Andurand Capital Management қорының жетекшісіне сілтеме жасап хабарлады.

Оның айтуынша, кейін мұнай бағасы баррель үшін 60-70 долларға қайта көтеріліп, осы деңгейде тұрақтайды. Сондай-ақ, сарапшының топшылауы бойынша, келесі жылдың бірінші жарты жылдығында мұнайдың әлемдік қоры күн сайын 1-2 млн баррельге дейін көбейіп отырмақ. Өйткені, Сауд Арабиясы және мұнай экспорттаушы елдер қауымдастығы мұнай өндірісін тоқтатпайды.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА