Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан Президенті «Қазақстан-Түркіменстан-Иран» темір жолының түркімен-иран бөлігінің ашылу рәсіміне қатысты

  • AstanaTV
  • 04 желтоқсан 2014
  • 1713

Қазақстан, Түркіменстан және Иран басшылары халықыралық темір жол магистралінің ашылуына қатысты. Теміржол аталған үш мемлекет аумағын кесіп өтеді. Қазақстандағы «Өзен» бекетінен бастау алатын жол Түркіменстан мен Иранды байланыстырып, Парсы шығанағына шығады. «Қазақстан-Түркіменстан-Иран» магистралінің түрікмен бөлігінің іске қосылуы арадағы қашықтықты кемінде 600 шақырымға қысқартады. Бұл жоба үш мемлекет көшбасшылары қол қойған бірлескен декларацияға орай жүзеге асырылуда. Жолдың 146 шақырымы - Қазақстан аумағында.

Салтанатты шара барысында Қазақстан астығын тиеген жүк пойызы Түркіменстан тарабынан Иран шекарасын кесіп өтті. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, алдағы уақытта Қазақстан Парсы шығанағы елдеріне 10 миллион тоннаға жуық астық жөнелтуге ниетті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Бұл жол бүкіл біздің төңірегіміздегі көршілердің барлығына өзінің ықпалын тигізетін болады. Қазақстан Қытай менен Каспий теңізінің арасында тікелей қатынасатын жол салды. Мынау жол сол жолға қосылады, елдеріміз үшін, елдеріміз арасындағы сауда-саттық, достық, мәдени қарым-қатынас үшін өте үлкен мағынасы бар деп есептеймін. Осы жол арқылы тек қана Қазақстан транзиті арқылы Қытайға да емес, Ресейге, Еуропаға шығуға мүмкіншілік бар.

Илхам ИБРАГИМ