Русский Сайттың толық нұсқасы

Еліміздің оңтүстігінде боранға байланысты бірқатар жолдар жабылып жатыр

  • AstanaTV
  • 04 желтоқсан 2014
  • 1170

Боранға байланысты Қазақстанның бірқатар өңірлерінде жолдар жабылуда. Қар мен жел күшейіп, жол көрінбегендіктен Жамбыл облысында Алматы-Ташкент-Термез жолында қозғалыс шектелді.

«Қазақавтодор» кәсіпорнының хабарлауынша, дәл осындай жағдай Қарағанды облысында да орын алған. Мұнда барлық бағыттар бойынша шектеулер қойылған. Кеше кешкі 21:00-ден бастап көліктің кез келген түрі үшін жолдар жабылды. Әзірге қозғалыстың қашан қалпына келері белгісіз.

Бүгін таңертең «Астана-Ерейментау», «Астана-Қарағанды» бағыттарындағы жолдардың да жабылғаны хабарланды. Ақ түтек боран Астана қаласы тұрғындарын да әбігерге салды. Мұнда жергілікті білім басқармасының шешімі бойынша, ауа температурасының төмендеуіне байланысты I ауысымдағы бастауыш сынып оқушылары үшін сабақ тоқтатылды. Жалпы, 4-6 желтоқсан күндері Қазақстанның көптеген облыстарында қар жауып, бұрқасын болады. Желдің жылдамдығы секундына 15-23 метрге жетеді.

Илхам ИБРАГИМ