Русский Сайттың толық нұсқасы

Қырғызстанда Биллклинтонбек есімді бала тұрады

  • AstanaTV
  • 04 желтоқсан 2014
  • 1220

Биллклинтонбек. Қырғызстанда осындай есімі бар адам тұрады. 21-жастағы жас жігіттің суреті әлеуметтік желілерде мыңдаған көрерменін тапқан. Биллклинтонбек Мұқаев 1993 жыл туған. Дәл сол жылы Билл Клинтон Американың 42-ші президенті болып сайланады.

Ал, Солүстік Корея билігі өз азаматтарына балаларына әлемдік танымал тұлғалардың есімін қоюға тыйым салады. Корей халықтық-демократиялық республикасының азаматтары балаларына Ким Чен Ын деген есімді де бере алмайды. Нәрестеге бұл есімді беруге енді қатаң тыйым салынды. Бұл туралы «Ренхап» агенттігі Пхеньянның ресми құжаттарына сілтеме жасай отырып жазды.

Ал, мұндай тиымға дейін Ким Чен Ын атын еншілеген солтүстік корейліктерге енді есімін өзгертуге тура келеді. Осылайша билік - «көсемнің басқарушы рөлін қорғап қалмақ» делінген қаулыда. Құжаттың авторлары Ким ұрпағы қарапайым халықпен тең емес, деп есептейді.

Мөлдір ДҮЙСЕКИНА