Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодар билігі орман өрті болмауын қадағалайды

  • AstanaTV
  • 04 желтоқсан 2014
  • 1223

Павлодар өңірінде ормандар ұшақпен әуеден бақылануы ықтимал. Жергілікті билік орман өртінің алдын алу шараларын мықтап қолға ала бастады. Биылғы сәуір-қазан айлары аралығында облыста 189 орман өрті тіркелген. Бұл былтырғымен салыстырғанда бес есе көп. Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы осындай ақпар таратты.

Бір ғана Баянауыл ұлттық паркінде 11 ірі өрт оқиғасы орын алған. Мекеме мәліметінше, тілсіз жаудың шығуына көп жағдайда демалушылар себеп болады. Ал, өрттің тұтану жағдайын ертерек анықтау әзірге мүмкін болмай тұр. Бұған әуе патрулі жұмысының кенжелеп қалғаны себеп, - дейді ұлттық парк өкілдері.

Сондықтан, мамандар Ресейдегі Омбы облысының тәжірибесін қолға алуды ұсынды. Ол жақта ормандар жерден басқарылатын ұшақтар арқылы бақыланады. Бұл өте тиімді, әрі арзан жоба. Мұндай ұшақпен, тілсіз жаудың алдын алуға әбден болар еді, - дейді табиғат жанашырлары.

Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ