Русский Сайттың толық нұсқасы

Нью-Йоркте тұрғындар полицейлерге қарсы қайта бас көтере бастады

  • AstanaTV
  • 04 желтоқсан 2014
  • 921

Америка Құрама Штаттарының тұрғындары полицейлерге қарсы қайта бас көтере бастады. Бұл жолғы толқу Нью-Йорк қаласында өтті. Мыңдаған адам көшеге шығып, қарсылығын білдіруде, - деп хабарлайды «Рейтерс» агенттігі.

Жуырда сот орындары қара нәсілді азаматты өлтірген қылмыскерді босатып жіберген. Ереуілге осы жағдай себеп болды.

Қарсылық шаралары Вашингтон мен өзге қалаларда да жалғасуда. Шерушілер «Тынысымыз тарылды» деген жазуы бар транспоранттарды алып шыққан. Полиция олардың бірнешеуін тұтқынға алды. Ал, АҚШ әділет министрлігінің өкілдері бұл оқиғаның анық-қанығына жетеміз деп отыр.

Еске салсақ, оқиға жазда орын алған еді. Полиция офицері Эрик Гарнерді тұтқындамақ болып, буындырған. Артық салмағы бар ер адам, тынысы тарылып қайтыс болады. Құқық қорғаушы оны заңсыз темекі сатқаны үшін осылай жазалады. Гарнердің артында алты баласы қалды. Ереуілшілер сонымен қатар Фергюсонда болған жағдайға да наразы. Мұнда сот Даррен Уилсон есімді қара нәсілді азаматты атып тастаған полицейді босатып жіберді. Бүгінде ереуілдер Американың 37 штатын қамтыды.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА