Русский Сайттың толық нұсқасы

Шешенстанда он шақты полиция қызметкері мерт болды

  • AstanaTV
  • 04 желтоқсан 2014
  • 852

Грозныйдағы қақтығыстарда кем дегенде он шақты полиция қызметкері мерт болды.Тағы жиырмаға жуық жауынгер түрлі дәрежеде жарақат алған. Бұл туралы «Интерфакс» мәлімдеді.

Айта кетейік, бұдан бұрын Шешенстан президенті Рамзан Қадыров ғаламтор арқылы атыс барысында алты жауынгер мен үш құқық қорғаушы жан тәсілім етті деген мәлімдеме жасаған  еді. Ал бейбіт тұрғындардың зардап шеккен-шекпегені туралы нақты ақпар әзірге жоқ. Жауынгерлік шабуыл Ресей президенті Владимир Путиннің жыл сайынғы федералдық жолдауы қарсаңында ұйымдастырылған. Шешенстан лидері Рамзан Қадыров жұмыс күнінің соңына қарай операцияның аяқталғанын жеткізді.

Андрей Чацкий, ұлттық антитеррорлық комитетінің баспасөз қызметі өкілі: 

Қала орталығында контртеррорлық операция тәртібін енгіздік. Қазіргі таңда Грозныйдағы баспа үйіндегі операция аяқталды. Ұлттық антитеррорлық комитеттің ақпараттық орталығы республика басшысы Қадыровтың мәлімдемесін толық растайды.

Жұрағат БАМАН