«Нұр Отан»
партиясы «Ең таңдаулы қоғамдық қабылдау» республикалық байқауының қорытындысын
жариялады. Үздік атанған қоғамдық қабылдау бөлмелерінің жетекшілері марапатталды. Тұңғыш
рет байқау қорытындысын шығару рәсіміне өңірлер бейнеконференция арқылы
қосылды. Оған партияның өңірлік және аумақтық филиалдары қоғамдық
қабылдауларының жетекшілері қатысты.
Жеңімпаздар тоғыз өлшем бойынша анықталды. Онда өтініштің
қаралу мерзімінің сақталуы, азаматтардың қоғамдық қабылдаулар жұмысына қанағаттануы
ескерілген. Оң шешілген өтініштердің үлес салмағының көптігі де маңызды ролге
ие болған.
Бауыржан
Байбек,
«Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:
Елбасының
тапсырмасы бойынша мемлекеттік органдардың бірінші басшылары қоғамдық
қабылдауларға келеді. Бұл азаматтардың мәселелерін оңтайлы шешуде маңызды
құралға айналды. 2013 жылмен салыстырғанда, қоғамдық қабылдауларға бірінші
басшылардың қатысуы 5 есе артып, 20 мыңнан асты. Бұл азаматтардың сұрақтарының
талқылау тиімділігін арттырды.
Партияның
қоғамдық қабылдауларында жұмыс істеудің жаңа жүйесі енгізілетін болды.
«Электронды партия» жобасы шеңберінде жазбаша өтініштер мен азаматтарға ауызша
кеңес беру бойынша есеп бөлімі енгізілмек. Ең таңдаулы қоғамдық қабылдау
бөлмелері байқауында өңірлік филиалдар арасында Жамбыл облысы, ал партияның
аумақтық филиалдары ішінен Атырау қалалық филиалы топ жарды. Екінші және үшінші
орындарды партияның өңірлік филиалдары арасында Астана қалалық және Батыс
Қазақстан облыстық филиалы бөлісті. Ал аумақтық филиалдар ішінде Оңтүстік Қазақстан
облысы Шардара аудандық филиалы мен
Солтүстік Қазақстанның Қызылжар аудандық партия филиалы жеңіс тұғырынан
көрінді.
Қанат
Азмұқанов,
«Нұр Отан» партиясы Атырау қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:
Атырау
қалалық филиалына 11 ай ішінде мың жарым арыз-шағым келіп түскен болатын. Бұл
алдыңғы жылмен салыстырғанда 3 есеге өсіп тұр. Бұл, әрине, халықтың партияға
деген сенімінің артқанын көруге болады.
Бақыт
Төлемісова, «Нұр
Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі:
2012,
2011 жылдары үшінші орынға ие болғанбыз. Енді 1 орын деген өте көп жетістік.
Менің ғана емес, менің аудандағы әріптестерімнің де үлесі бар. Бәріне алғысымды
айтамын. Бұл өте үлкен дәрежедегі жетістік деп ойлаймын.
Республика
аумағында 241 қоғамдық қабылдау бөлмелері жұмыс істейді. Оларға арыз-шағымдарын
арқалап келетіндер қатары жыл санап артуда. Осы жылдың өзінде партиялықтардың
көмегіне 500 мыңнан астам азамат жүгінген. Азаматтарды көбіне жұмыссыздық проблемасы қинайды.
Шағымданышулардың 21 пайызы осы мәселемен келген. Ал келушілердің 15 пайызы
тұрғын үй мәселесі төңірегіндегі арызын жеткізген. Әлеуметтік мәселелер де аз
емес. Халықтың 11 пайызы зейнетақы мен жәрдемақы мәселесін шешіп беруді
сұраған. Коммуналдық қызметтердің сапасына көңілі толмай, сот шешімімен
келіспегендер де «Нұр
Отанға»
жүгінген.
Айгүл ӘДЕПБАЙ