Русский Сайттың толық нұсқасы

«Азық-түлік корпорациясы» диқандарға көмек беруді ерте бастайтын болды

  • AstanaTV
  • 04 желтоқсан 2014
  • 1200

Келесі жылғы егіс маусымында астық өндірушілерге 150 млн тоннадай тұқым қажет болады деп болжанып отыр. Бұл өткен жылғыдан әлдеқайда жоғары. Биылғы егіннің жартысына жуығы қар астында қалуы осыған соқтырып отыр. Көптеген шаруалар тұқымдық астық алып қала алмады. Осыған орай «Азық-түлік корпорациясы» мемлекет бюджетінен диқандарға көмек беруді әдеттегіден ерте бастайтын болды.

10 пайыздық өсіммен шаруаларға несие беру үшін, қазынадан корпорацияға 14 миллиард теңге бөлінді. Оны шаруаларға үлестіру 27 қарашадан басталып кеткен. Мемлекет шамамен 1 гектар егістік жерге 6 мың теңгеден беруді қарастырып отыр. Ал «ҚазАгро» холдингіне бұл бағытта 60 миллиард теңге бөлінді. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте көмек қаржыны қалай алуға болатыны жайлы айтылды.

Сәбит Қашқымбаев, «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» басқарма төрағасының орынбасары:

Өндірушілерге қойылатын талап – «ҚазАгроХолдинг» және оның еншілес кәсіпқорларының, басқа қаржы ұйымдарының алдында өтелмеген қарыздары болмауы керек. Қаражат алатын өндірушілердің тізімін облыс әкімдерінің үйлестіру кеңесі белгілейді.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ